Алматыға америкалық вакцина қашан әкелінеді?

Алматыға америкалық вакцина қашан әкелінеді?
Сурет: Rbc.ru

Америкалық Pfizer вакцинасының тиімділігі әлемнің көптеген елдерінде жоғары бағаланады. Екпенің бұл түрі біздің қаламызға қашан келеді?

  
Бүгін Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


«Біз аталған вакцинаның Қазақстанда қашан және қанша болатынын нақты айта алмаймыз. Келіссөздер жүріп жатыр, нақты күні әлі белгісіз», - деп жауап берді спикер.


 Бұдан бұрын біз Алматыда коронавирусқа қарсы Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары таусылғанын хабарлағанбыз. 


«Бүгінгі күні QazVac вакцинасы да аз қалды», - деді тағы да басқарма басшысы. 


Еске салсақ, 10 шілдеде өткен Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарат Тоқаев Pfizer вакцинасын қазақстандықтарға қолжетімді ету керектігі туралы айтқан болатын.