Алматының Өтеген батыр көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Алматының Өтеген батыр көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Сурет: 24.kz

Бүгін түнгі сағат 22-ге дейін солтүстік бағытта көлік қозғалысы ішінара шектеледі. 

2021 жылы 18 маусым Алматы қаласының Әуезов ауданында Өтеген батыр көшесі бойымен Жұбанов көшесінен Қабдолов көшесіне дейін солтүстік бағытта көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Алматы  жылу жүйелерінің» хабарламасына сілтеме жасап.

"Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде авариялық жұмыстар жүргізу үшін уақытша шектеулер енгізіледі. 

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз",- делінген хабарламада.