Алматының әкімі Ұлыбританияның халықаралық сауда министрімен кездесті

Алматының әкімі Ұлыбританияның халықаралық сауда министрімен кездесті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мегаполис басшысы Бақытжан Сағынтаев Ұлыбританияның халықаралық сауда министрі Ранил Джаяварденамен кездесті.

Бұл туралы қала басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Ұлыбританияның халықаралық сауда министрі Ранил Джаяварденамен кездестім. Алматыға инвестиция тарту, цифрландыру, ғылым, мәдениет пен денсаулық сақтау, білім беру жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқыладық», – деп жазды әкім өз парақшасына.