Алматының Әкемтеатры ақмолалық көрерменге өнер көрсетті

Алматының Әкемтеатры ақмолалық көрерменге өнер көрсетті
Сурет: Samatshow.kz

Асанәлі Әшімов бастаған театр ұжымы қыркүйектің 23-28 аралығында ақмолалықтарға ең үздік спектакльдерін ұсынды.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театры ұжымының Ақмола облысындағы гастрольдік сапары мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Театр фестивалінің шымылдығы жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтің «Жаужүрек» драмасымен ашылған. Картина белгілі әнші-композитор, сері, Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Келесі күндері жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір той» комедиясы, драматург Александр Володиннің «Қоштасқым келмейді» драмасы, ақын, драматург Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» мюзиклі, жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтың «Жүз жылдық махаббат» драмасы көрсетілді. Соңғы күні Абайдың қара сөздері бойынша «Қара» драмасымен мәресіне жетті.