Алматының қоғамдық орындарында SOS дабыл батырмалары орнатылады

Алматының қоғамдық орындарында SOS дабыл батырмалары орнатылады
Сурет: Dreamstime.com

Бірінші кезеңде 30 батырма іске қосылатын болады.

Алматыда адамдар жиналатын орындарда SOS батырмалары орнатылатын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлімдеді.

«Алматыда адамдар жиналатын орындарда SOS батырмалары орнатылатын болады. Қазір конкурстық жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алу жарияланатын болады. Бұл батырмалар арқылы кез келген адам қандай да бір келеңсіз оқиғалар туралы хабарлай алатын болады. Менің ойымша, бұл жақсы нәтиже береді», - деді Қанат Таймерденов.