Алматының қала құрылысының Интерактивті картасы: оны қайдан табуға және қалай қолдануға болады

Алматының қала құрылысының Интерактивті картасы: оны қайдан табуға және қалай қолдануға болады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Осы арқылы салынып жатқан және салынатын нысандар туралы барлық қажетті ақпаратқа қол жеткізуге болады.

Алматыда құрылыс саласы цифрландырылады және барлық деректер Интерактивті бір картаға енгізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматының бас сәулетшісі геопортал базасында құрылыс нысандары мониторингінің Интерактивті картасы жасалғанын айтты. Бұл ресурс салынып жатқан және салынатын нысандар туралы барлық қажетті ақпараттың қожетімді болуын қамтамасыз етеді.

«Енді онлайн-режимде көп пәтерлі тұрғын үй кешендері мен жеке тұрғын үй құрылысының жобалары туралы ақпарат алуға болады. Ақпарат онлайн режимде жаңарады», - деді Алмасхан Ахмеджанов.

Бұдан өзге, осы порталда барлық қажетті ақпарат бар: құрылыс паспорты, жобаның атауы, құрылысты салушы, кадастрлық нөмір, эскиздік жобаның келісімі туралы мәліметтер, СЖТ бойынша берілген деректер, құрылыстың басталу мерзімі, пайдалануға беру мерзімі, авторлық/техникалық қадағалау, құрылыс алаңы, қабаттар, пәтерлер саны.

Карта Алматы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының сайтында http://building.uaig.kz/ жарияланған.