Алматының Түрксіб ауданының тұрғындарын вакциналану қарқынын арттыруға шақырды

Алматының Түрксіб ауданының тұрғындарын вакциналану қарқынын арттыруға шақырды
Сурет: Ru.euronews.com

Екпе - індетті жеңетін төте жол.

Алматының Түрксіб ауданының тұрғындарын вакциналану қарқынын арттыруға шақырды

Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында қала тұрғындарын вакциналануға жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бүгінде ауданда 101 мыңнан астам адам екпе алды. Алайда бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін жеткіліксіз.

Б. Ақжаров қалада коронавирустық инфекцияның өршуіне орай қатардағы ауруханалардың COVID-19 жұқтырған науқастарға көмек көрсету үшін қайта бейімделгенін еске салды.

 «Ауданның емханаларына 247 мың адам бекітілген, 148 603 адам вакциналауға жатады, оның ішінде бүгінде 101 206 тұрғын вакциналанған. Ауданда вакциналар қоры жеткілікті, 23 егу пункттері орналастырылды, оған 34 бригада мен 163 медицина қызметкері жұмылдырылған. Біздің дәрігерлер вакциналанудың барынша қолжетімді және ыңғайлы ету үшін бәрін жасауда. Мен әлі вакцина алмағандарды екпе салдыруға шақырамын», - деді Б. Ақжаров.

Аудан әкімі Алматы тұрғындарының жауапкершілігі мен ұйымшылдығы жоғары болған сайын, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтайтынын айтты.

Б. Ақжаров ауданда  кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, құрылыс алаңдары мен шағын аудандардағы екпе пункттерінде тұрғындарды вакциналау жалғасатынын айтты.

Еске салсақ, Алматыда 771 мыңнан астам тұрғын коронавирус инфекциясына қарсы егілген. Вакцинация заманауи және қауіпсіз препараттармен жүргізіледі. Жалпы алғанда, қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорттық нысандарда, базарлар мен сауда ойын-сауық орталықтарында 160 екпе пункті бар.