Алматының орталығында шыққан өрт өшірілді

Алматының орталығында шыққан өрт өшірілді
almaty-akshamy.kz

Алматыда үш қабатты үйде шыққан өрт өшірілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Шатырдан шыққан көк түтінді көрген адамдар дереу төтенше жағдайлар департаментіне қоңырау соққан. Ғимараттың үстіңгі қабаттарында пәтерлер болса, бірінші қабатта кеңселер орналасқан. Полиция маңайды қоршауға алып, ешкімді жақындатпады.

Қызыл жалынмен күреске 28 арнайы техника мен 90 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, өртенген аумақтың көлемі шамамен 1500 шаршы метр.

Абырой болғанда, қызыл жалыннан зардап шеккендер жоқ.

Тұрғындар мен кеңсе қызметкерлері дереу эвакуацияланған. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.