Алматының кейбір көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Алматының кейбір көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Сурет: Ruza24.ru

Сол себепті мамандар алматылықтардан бұл көшелермен жүрмеуді өтінді.

Алматы шаһарының кейбір көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, сол себепті арнайы ескертулер жасалып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Құрметті алматылықтар! Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 12-25 шілде аралығында Достық даңғылының әл-Фараби даңғылынан Оспанов көшесіне дейінгі бөлігімен уақытша жүрмеуді сұраймыз», – делінген Алматы қалалық мобильдік басқармасының хабарламасында.