Алматының кейбір көшелерінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады

Алматының кейбір көшелерінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады
Сурет: Kubnews.ru

Шектеулер жол жөндеу жұмыстарына байланысты енгізілетін болады.

Алматы қалалық мобильдік басқармасының мамандары қала тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Құрметті алматылықтар! Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 22 және 23 шілде күндері сағ. 22:00-ден сағ. 06:00-ге дейін түнгі уақытта Сейфуллин даңғылының Қазыбек би, Мақатаев көшелері мен Райымбек даңғылымен қиылыстарында көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген басқарма хабарламасында.