Алматының екі ауданында ыстық су уақытша тоқтатылады

Алматының екі ауданында ыстық су уақытша тоқтатылады
Сурет: Іnformburo.kz

Ыстық судың уақытша берілмеу себебі – жылу қазандықтарында жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Алматы қаласының Наурызбай және Түрксіб аудандарының аумағында ыстық су уақытша берілмейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл ақпаратты таратқан «Алматы жылу жүйесі» мекемесінің мәліметіне сәйкес, бірқатар тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық сумен жабдықтау мына көше контурларында шектеледі: 

- 19-23 шілде аралығында-Остроумов-Дегдар-Красногорская; 

-21 шілдеден 9 тамызға дейін — Райымбек-Әшімов-Абай-Карьерная; 

- 21 шілдеден 17 тамызға дейін – Гете-Майлин-Заславский-Новосибирск,
Лавренева-Дөнентаев-Соболева-Зимняя, Сүйінбай-Бекмаханов. 

- 21 шілдеден 18 тамызға дейін – Собинова – Монтажная – Поддубный-Беринг. 

Күзгі-қысқы кезеңде жылу қуатын өндіру процестеріндегі тәуекелдерді азайту үшін қажетті алдағы жылыту маусымына қалалық жылу кешенін дайындау шеңберінде жоспарланған қазандықтарда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі. 

Жылу мекемесі тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.