Алматының Алмалы ауданында оқушы орындарының тапшылығы қысқаруда

Алматының Алмалы ауданында оқушы орындарының тапшылығы қысқаруда

Алмалы ауданының тоғыз мектебінде орын тапшылығы байқалады

Ауданда барлығы 29 мемлекеттік мектеп бар, олардың тоғызында ғана оқушы орны жетіспейді. Бұл туралы Алматыдағы Алмалы ауданының әкімі Ержан Сейтенов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


«Биыл №144 мектеп-гимназияға 300 орындық жапсаржай құрылысының, №34 гимназияның 600 орындық қосалқы нысанының құрылысы аяқталған кезде орын тапшылығы азаяды», - деп хабарлады аудан әкімі. 
 
Ауданда №54 мектеп ғимаратының сейсмотұрақтылығын күшейту бойынша күрделі жөндеу аяқталды, №128, 95 және 144 мектептерде салынған спорт кешендері жұмыс істейді. 
 
№90,67,34 мектептердегі спорт алаңдарын жаңғырту бойынша жұмыстар жалғастырылды. Жыл соңына дейін №16 балабақша ғимаратын сейсмикалық нығайту бойынша күрделі жөндеуді аяқтау жоспарлануда, сондай-ақ №7 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілуде. Биыл ауданда екі жекеменшік балабақша ашылды.