Алматының Алмалы ауданында «Бюджетке қатысу» аясында 54 жоба жүзеге асырылды 

Алматының Алмалы ауданында «Бюджетке қатысу» аясында 54 жоба жүзеге асырылды 
Almaty-akshamy.kz

Биыл Алматының Алмалы ауданында скверлерді, аулаларды, жағалауды, скейт-алаңды және тағы басқа нысандарды абаттандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.

«Бюджетке қатысу» аясында алматылықтардың қалауы бойынша 70 жоба жүзеге асырылуда, олардың 54-і аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
 
Алмалы ауданында АРО үш сквері, Байтұрсынов, Будан, Төле би мен Мақатаев арасындағы Есентай өзенінің жағалауы абаттандырылды. Варламов-Төле би скейт-алаңы жақсартылып, Курильская көшесіндегі жеке сектор тұрғындары үшін Райымбек даңғылынан жоғары балалар алаңы орнатылды. Бос учаскелерге  (Қабанбай батыр – Жароков, Мұқанов – Шевченко және Мұқанов - Құрманғазы) демалыс орындары жайластырылды. 
 
Е. Сейтеновтың айтуынша, АРО мен Биокомбинат жанындағы скверлерде, сондай-ақ Мақатаев ауласында тұрғындар көптен күтіп жүрген иттерді серуендетуге арналған алаңдар ашылды. 
 
Абаттандырудың ең үлкен жобаларының бірі 1 610 қоқыс жәшігін орнату болды. Сонымен қатар, ауданда Төле би – Розыбакиев, Алматы өзені бойындағы және Ганди саябағындағы алаңдардың резеңке жабыны жаңартылды. 
 
Алмалы ауданының әкімі Прокофьев көшесінде (Төле биден Брюлловқа дейін) нөсер торлары орнатылғанын, сондай-ақ Мұратбаев-Қабанбай батыр; Мұратбаев-Бөгенбай батыр; Сейфуллин көшесі, 450, Жібек жолы көшесінің қиылысы, Клочков - Шевченко; Назарбаев даңғылы, 57, Мақатаев көшесінің қиылысындағы аулаларда бес қоқыс алаңы жаңғыртылғанын хабарлады. 
 
«Бюджетке қатысу» бағдарламасының тағы бір жобасы «Сосновый» скверінде және Қазақ драма театрында, Сайран көлінің жағалауында және Қожамқұлов – Жамбылдағы скейтпарктың солтүстігінде төрт модульді дәретхананы орнату болды. 
 
Қазіргі кезде қалған жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Айта кетерлігі, 2022 жылы Алмалы ауданы тұрғындарының қатысуымен жобаларды жүзеге асыруға 2,5 млрд теңге бөлінді.