Алматының 30 студенті ҚМДБ білім грантына ие болды

Алматының 30 студенті ҚМДБ білім грантына ие болды
Сурет: Egemen.kz

30 студентке грант берілді

Алматыдағы Нұр-Мүбарак университеті студенттерімен кездескен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осы оқу орнының 30 студентіне білім грантын табыстады, Almaty-akshamy.kz.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы студенттерді әрқашан қолдап келеді. Біз өз тобынан оза шапқан оқу озаттарына, тағдырдың жазуымен жетім қалған студенттерге білім грантын табыстадық. Бұл білім грантына осында отырған өздеріңіз әбден лайықсыздар. Жобаны алдағы уақытта да жалғастырамыз»,- деді Бас мүфти.