Алматының Жетісу ауданында жаңа автобустар жолға шығады

Алматының Жетісу ауданында жаңа автобустар жолға шығады
Сурет: ашық дереккөз

Қоғамдық көлікті дамыту – басты басымдықтардың бірі.

Биыл Алматыда қосымша 600 жаңа автобус сатып алынады. Бұл тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен жайлылығын арттыру үшін жасалады, деді әкім Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Жетісу ауданына қызмет көрсететін 14 маршруттағы автобустар саны 256-дан 281-ге дейін көбейеді. Қоғамдық көлікті дамыту - біз үшін басты басымдықтардың бірі. Жетісу ауданы тұрғындарының өтініші бойынша биыл 56, 123 және 17 маршруттар «Құлагер» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне дейін ұзартылды», - деді Алматы әкімі.