Алматының Түрксіб ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады

Алматының Түрксіб ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады
Сурет: 9111.ru

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Шектеулер «Алматыжылужайэнерго» ЖШС-нің қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2022 жылғы 18 шілдеден 22 шілде аралығында Түрсіб ауданындағы Сейфуллин – Дулатов – Терехин – Ақан Сері және Сүйінбай – Папанин – Ереванская – Стальской көшелерінің шегіне орналасқан тұрғын үйлерде және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.