Алматының Түрксіб ауданында апат салдарынан бірқатар үйлер газдан ажырап қалды

Алматының Түрксіб ауданында апат салдарынан бірқатар үйлер газдан ажырап қалды
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

Түрксіб ауданының «Қайрат» шағынауданында газдың ажыратылуы туралы ақпарат.

 ЖКО салдарынан істен шыққан «Қайрат» шағынауданындағы «Баймақ» ЖШС жеке газ желілерінің зақымдануы бойынша жөндеу мәселесі жедел шешілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кеше сағат 13:30-да жүк көлігінің жүргізушісі орташа қысымды газ магистраліне соқтығысып, апат салдарынан шағынауданның бірқатар үйлеріне газ беру тоқтатылған болатын.

Апатты қалпына келтіру жұмыстары үш сағаттан астам уақытқа созылды, содан соң желілерді іске қосу-жөндеу жұмыстары басталды. Алайда жөндеу бригадалары газбен тұрақты жабдықтауды толық көлемде қамтамасыз ете алмады.

Аудан әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері шағынаудан тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді әрі үйлерді аралап шықты.

1: 30-да 135 абонент газбен қамтамасыз етілді.

Қалған 52 абонент бойынша желілерде газ құбырларының бітелуі анықталды, оларды жою үшін негізгі магистральды ажырату қажет болды (қауіпсіздік техникасына сәйкес, түнгі уақытта дәнекерлеу және іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілмейді).

Шағынаудан тұрғындарына апатты қалпына келтіру жұмыстары бүгін күндізгі уақытта да  жалғасатыны туралы түсініктемелер берілді.