Алматының тұрғын алабында 60-тан астам есірткі жарнамасы жойылды

Алматының тұрғын алабында 60-тан астам есірткі жарнамасы жойылды
Сурет: Polisia.kz

Әуезов ауданы аумағында синтетикалық есірткінің таралуы туралы ақпараты бар тыйым салынған жазуларды бояуға арналған науқан өтті.

Оған полиция қызметкерлері мен “Хақ Назар” қоғамдық қорының еріктілері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Тұрғын үйлердің, гараждардың, әкімшілік ғимараттарының қабырғаларында есірткінің таралуын насихаттайтын сайттардың жарнамалары бар трафареттер мен граффитилерді бояуға 40 адам қатысты. Дәстүр бойынша науқан соңында қала тұрғындарына есірткіге қарсы брошюралар таратылды, онда 8-705-549-70-25 жедел желі телефоны көрсетілген. Естеріңізге сала кетейін, азаматтар бұл телефон нөмірі арқылы есірткі қылмысы туралы ақпаратты жасырын түрде хабарлай алады», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.