Алматының төменгі аймағында ірі есірткі зертханасы жойылды

Алматының төменгі аймағында ірі есірткі зертханасы жойылды
Сурет: Egemen.kz

Полицейлер ірі есірткі зертханасын жойды.

Тінту кезінде дайын өнім салынған бірнеше ірі пакет тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Түрксіб ауданындағы Харьковская көшесінде орналасқан жеке үйдің бірінде есірткі зертханасы жұмыс істегені анықталды.

«Үй ішін тінту жұмыстары барысында полицейлер ұнтақ пен кесек түріндегі заттарды, пластик ыдыстарды, сұйықтығы бар колбаларды және басқа да синтетикалық препараттарды тәркіледі», - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Департаменттің мәліметінше, полицейлер есірткі зертханасында дайын өнімнің бірнеше ірі көлемін тәркіледі.

Жертөледен табылған заттардың барлығы сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.