Алматының тынысы ашыла бастайды

Алматының тынысы ашыла бастайды almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының дамуы, өркендеуі қала әкімдігінің қызметіне тікелей байланысты. Осы ретте ұзақ мерзімді міндеттермен экологиялық жағдайды жақсарту жұмыстары жалғасып келеді. Жақында ғана Алматыда экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі жол картасы талқыланды. Онда ЖЭО газға ауыстыру, қаланың ауа бассейнін тазарту, ағаш отырғызу, автобустарды газға ауыстыру секілді көптеген мәселелер көтерілді.


Мәселе кешенді түрде шешіледі


Бұған дейін Алматының экологиялық проблемаларын кешенді шешу үшін жол картасы әзірленіп, ҚР Үкіметі бекіткен болатын. Онда көмірден энергия өндіретін кәсіпорындардың шығарындыларын азайту, жеке сектордағы үйлерді газға ауыстыру, ауа айналымының бұзылу қаупін болдырмау, көгалдандыру, автокөлік шығарындыларын азайту мәселелері көзделген.



Мегаполисте экологиялық проблемаларды азайту үшін ЖЭО-2 және ЖЭО-3 (Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жаңғырту, қоршаған ортаға әсерді барынша азайту) газға көшіру, жеке секторды және қалаға іргелес аудандарды газдандыру көзделді. Сондай-ақ, жел режимін зерттеу, құрылыстың сәулеттік келбеті мен бас жоспарының ережелеріне өзгерістер енгізу, жасыл желектер алаңын ұлғайту, көлік ағынын басқару, көліктерге газбен жабдықталатын баллон орнату, электр көлігін кеңінен пайдалану қарастырылған.



Қазіргі уақытта Алматы ЖЭО-2 көмірден газға көшіру жөніндегі жобаның техникалық шешімдеріне, құны мен іске асырылу мерзіміне талдау жүргізілді. Техникалық-экономикалық негіздеме жобасы жасалды.


Мегаполисті және қалаға іргелес жатқан жеке сектор аудандарын газдандыру процесі жүргізілуде. Қазіргі уақытта Алматыда 1497 газдандырылмаған тұрғын үй және саяжай алабында орналасқан 2829 үй бар. Халықтың әлеуметтік осал топтарын газбен жабдықтауға қосу үшін екінші деңгейдегі банктермен нөлдік пайызбен кредиттеу бойынша жұмыс жалғасуда.


Бас жоспарға өзгеріс енгізіледі


Мегаполистің жел режимін зерттеу де ұзаққа созылды. Атап айтқанда, қалалық әкімдік жел режимін ескере отырып, қаланың ауа бассейнін тазарту үшін сәулет-қала құрылысы әдістерін әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсына 179 млн. теңге бөлді. Тендер өткен жылы 30 қыркүйекте жарияланды.



Әзірлеу аяқталғаннан кейін қолданыстағы құрылыс ережелері мен жоспарлау жобасына тиісті өзгерістер енгізіледі деп күтілуде. Бұл Алматының бас жоспарына өзгерістер енгізу үшін жел режимінің картасын, сондай-ақ салынған аумақтар жағдайында жел режимін реттеуді қамтамасыз ету үшін қаланың сәулет-құрылыс жобалауына арналған ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді. Жұмыс аяқталғаннан кейін ережелерге, бас жоспарға және жоспарлау жобаларына өзгерістер енгізіледі.



Мамандар сәулет келбеті ережелеріне өзгерістер енгізу бойынша жол картасы тармағының орындалуын атап өтті. Қазірдің өзінде Алматының сәулеттік келбеті бойынша дизайн-код әзірленді, онда жасыл технологияларды енгізу ескерілген. Ереже жобасын қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы әзірледі. 


Алайда, құрылыстың бас жоспарына жел режиміне қатысты өзгерістер енгізілген жоқ.


Әрбір ағаштың төлқұжаты бар


Іс-шара барысында қоғам белсенділері жұртшылықтың пікірін ескере отырып, ағаштарды кесуге рұқсат беру рәсімін қатаңдатудың жол картасы тармағы орындалмағанын атап өтті. Қазіргі уақытта жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғаудың үлгілік қағидаларына сәйкес келтіру бойынша жоба әзірленді.


Сонымен қатар, қазіргі уақытта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті жұмыс тобын құрды. Бүгінгі таңда жұмыс тобы көптеген жаңа қажетті нормаларды қарастыратын жаңа жобалар әзірледі. Олар мемлекеттік органдармен келісу сатысында тұр және жақын арада қабылданатын болады.


Сондай-ақ, сарапшылар жасыл желектерді паспорттау жобасы толық орындалғанын жеткізді. Жүргізілген түгендеу көрсеткендей, қалада 2,6 миллион ағаш бар.


Жасыл желектердің тізімі қалыптастырылды, онда жасыл екпелердің типтері, түрлік құрамы, алаң көлемі, жай-күйі және орналасуы туралы деректер тұрақты негізде жаңартылды. Бұл тізім Сингапур мен Нью-Йорктің тәжірибесі негізінде жасалды. Әр ағаштың электрондық паспорты бар.



Жасыл желектер алаңын ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспары ішінара орындалды. Мамандардың мәліметінше, қалада 2,633 млн. ағаш бар. Нақты жасыл қор – 1,86 млн. (77%), әлсірегендер – 459 мың (23%). Бұл ретте ағаштарды үш түрге бөлуге болады. Жапырақты – 1,8 млн. (77%), жемісті – 294 мың (14%), қылқан жапырақты – 189 мың (9%).



Өткен жылы 282 мың көшет отырғызылды. Көгалдандырылған аумақтың жалпы ауданы 404,11 гектарды құрады. Осы жылдың басынан бастап 155 мың жасыл желек отырғызылды, жалпы жыл соңына дейін тағы 350 мың жасыл желек отырғызу жоспарлануда.


Дизельді қоғамдық көлікке тыйым салынды


Дизельмен жүретін қалалық жолаушылар көліктеріне кезең-кезеңмен тыйым салына береді. Алматыда 151 маршрутқа қызмет көрсететін 21 автобус паркі жұмыс істейді. 2441 қоғамдық көлік бірлігі жұмылдырылды (515 газбен жүретін автобус, 196 троллейбус, 15 электр және 1715 дизельді автобус).


Жыл сайын жаңа автобустар, соның ішінде газбен жүретін автобустар сатып алынады.



Бұдан басқа, жеке инвестор 2025 жылға дейін 500 жылжымалы бірлікке дейін ұлғайта отырып, қалалық маршруттарға қызмет көрсетуге 200-ге дейін газбен жүретін машиналарды сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, 2022 жылы жаңа автобус паркін салу мәселесі қарастырылуда. Осылайша газбен жүретін автобустарға толық көшу 2027 жылы аяқталады.



Сондай-ақ, қалада 6 автомобильдік газбен толтыру компрессорлық станциясы жұмыс істейді. Инвестициялық жоба аясында «ҚазТрансГаз» АҚ-мен тағы екі қосымша станция салу бойынша келіссөздер жүргізілуде. 2020 жылдың тамыз айынан бастап Алматы әкімдігі дизельді қоғамдық көлік сатып алуға тыйым салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04