Алматының Терренкур тоғанында 50 метрлік сырғанақ салынады

Алматының Терренкур тоғанында 50 метрлік сырғанақ салынады Сурет Алматы қаласы әкімдігі

«Терренкур» демалыс аймағының тоғанында қысқы тюбингтерге арналған 50 метрлік сырғанақ салынады. «Снежная слайд» әлеуметтік жобасы жеке қаражат есебінен жүзеге асады. Бұл үшін күзгі мезгілде тоғаннан су сорылды. Қысқы біткен соң құрылым бөлшектеледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Негізгі айырмашылық сырғанақтың тоғанда салынғандықтан, сырғанауда шұғыл бұрылыс тәрізді қауіп жоқ. Құрылым 20 градус бұрышта орнатылып, 5 арнаға бөлінген, әрқайсысы арнайы тормен қоршалған. Сонымен қатар, мәреде тежегіш тор және арнайы жұмсақ қаптар бар. 




Сырғанақ тепкеннен кейін демалушылар үрлемелі баллондарды дөң басына өздері сүйретпейді, бұл үшін арнайы фуникулер бар. Бұл ретте, келушілер қауіпсіздік техникасы бойынша оқудан өткен нұсқаушылардың бақылауында болады. 



Бұған қоса, кешен аумағындағы террассада қоғамдық тамақтану орындары бар демалыс аймағы ұйымдастырылады.
Ашылуы 15 қаңтарға жоспарланған. Баллонды бір сағатқа жалға алу 3 мың теңге. Бір рет сырғанау – 500 теңге. Жұмыс кестесі туралы қосымша хабарланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38