Алматының тау бөктерінде орналасқан элиталық тұрғын үй кешенінің бір қабаты сүріледі

Алматының тау бөктерінде орналасқан элиталық тұрғын үй кешенінің бір қабаты сүріледі

Үшінші қабатты бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне енді.

Салынып жатқан Pine hill тұрғын үй кешенінің үшінші қабаты сот шешімімен бұзылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Ерменсай" шағынауданы, 7 уч. 8/1 мекенжайы бойынша салынып жатқан нысанды тексеру кезінде құрылыс салушы үшінші тұрғын үй қабатын заңсыз салып жатқаны анықталды.  Рұқсат тек екі қабатқа берілген.

Өткен жылдың қараша айында басқарма сотқа үйді бұзу туралы шағым түсіріп, ол қанағаттандырылмады. Апелляциялық өтініш оң нәтиже берді. Үшінші қабатты бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне еніп, Әділет департаментімен орындалуда