Алматының шетінде оқ-дәрі мен «Молотов коктейлі» жасырылған орын табылды

Алматының шетінде оқ-дәрі мен «Молотов коктейлі» жасырылған орын табылды
Сурет: Polisia.kz

Алматының шетінде оқ-дәрі мен «Молотов коктейлі» жасырылған орын табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Табылған затқа «Дархан» ықшамауданының тұрғыны тап болған, ол бірден дабыл қаққан.

«102 пультіне хабар берген азаматтың айтуынша, ол туннельден оқ-дәрі салынған пакет тауып алған. Жедел тергеу тобы оқиға орнын тексеру нәтижесінде гранаталар, 5,45 мм калибрлі патрондар, 9 мм калибрлі патрондар, 2,3 калибрлі патрондар, саны бойынша противогаз, револьвер, сонымен қатар, «Молотов коктейлін» тәркіледі. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлімі бойынша тіркелді. Қару мен оқ-дәрiлердiң көрсетiлген жерде пайда болу мән-жайлары жедел іс-шаралар барысында анықталатын болады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Абырой болғанда, өмірге қауіп төндіретін заттар салынған пакетті балалар тауып алмаған», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.