Алматының шет аумағынан оқ-дәрілер табылды

Алматының шет аумағынан оқ-дәрілер табылды
Сурет: Ашық дереккөз

Оқ-дәрілер тәркіленіп, арнайы сараптамаға жіберілді

Алматы қаласының шет аумағынан пакетке оралған оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қаланың Наурызбай ауданының тұрғындары ашық жерде 9 мм патронның 171 данасы салынған пакет тапқан.

«Жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты патрондарды тат басқан. Пакеттердің бірнеше қабаты жыртылған. Оқ-дәрілер тәркіленіп, арнайы сараптамаға жіберілді. Осыдан соң олардың кімге тиесілі екендігі анықталады»,- деп хабарлады полицияда.