Алматының Шәріпов көшесіндегі жылу магистраліндегі апат қалпына келтірілді

Алматының Шәріпов көшесіндегі жылу магистраліндегі апат қалпына келтірілді Сурет: Ашық дереккөз

Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы жылу магистралінің қалпына келтірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Алматыдағы Шәріпов көшесінде (Шәріпов пен Гоголь көшелерінің қиылысының солтүстігінде) болған жылу трассасындағы апаттың салдары жойылды. 11 қарашаға қараған түні сағат 01.50-де «Алматы жылу желілері» ЖШС бригадасы диаметрі 400 мм құбырды қалпына келтіруді аяқтады, сынақ жүргізілгеннен кейін жылу магистралі пайдалануға берілді және түнгі сағат 2.40-та жылу беру қалпына келтірілді әрі белгіленген  режимде жұмыс  жасауда», - делінген хабарламада.



Сондай-ақ, Шәріпов көшесіндегі көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Асфальттың жабындысын ауа райы қолайлы болған жағдайда осы жылдың 13 қарашасына дейін қалпына келтіру жоспарлануда. 


Кенеттен жағдай туындаса (су, бу шығарындылары) +7-727-378-06-65 телефоны бойынша «АлТС» ЖШС апаттық-диспетчерлік хабарласуды әрі  өз бетінше әрекет жасамауды және болған оқиға туралы хабарлауды сұраймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37