Алматының орталық мешітінде Құрбан айтта спартакиада өтеді

Алматының орталық мешітінде Құрбан айтта спартакиада өтеді
Сурет: Muftiyat.kz

Құрбан айт мерекесінде Алматының орталық мешітінде «Асыл мұра» бағдарламасы аясында шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени және спорттық шара өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Шараға қатысушыларды арқан тарту, асық ату, армрестлинг, гір тасын және қошқар көтеру секілді сынақтар күтіп тұр», - деп хабарлады Алматы қалалық дін істері жөніндегі басқармадан.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Ұлттық мұра» бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын спорт шарасының негізгі мақсаты – мешіт жамағаты арасында дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, Исламның дәстүрлі емес ағымының жетегінде жүрген жандарға асыл діннің оң жолын көрсету арқылы оларды бауырға тарту», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Құрбан Айт - мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі, ол Ораза аяқталғаннан кейін 70-күні тойланады. Осы жылы Құрбан айт шілденің 9-ы күні басталып, үш күнге жалғасады.