Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында жүрек тамырына операция жасауды енгізді

Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында жүрек тамырына операция жасауды енгізді
Сурет: Almaty-akshamy

Ең алғаш операция «Стенокардия» диагнозы бар 81 жастағы пациентке жүргізілді.

Орталық қалалық клиникалық ауруханада интервенциялық кардиология бөлімшесінің ашылу рәсімі өтіп, оның қызметіне тәждік артерия тамырын тенттеу және коронография жүргізу, соңынан жүрекке басқа да интервенциялық араласуларды енгізу болып табылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ең алғаш операция «Стенокардия» диагнозы бар 81 жастағы пациентке жасалды. Жаңа бөлімшенің меңгерушісі, интервенциялы кардиолог Ержан Құттығожиннің айтуынша, стенокардия жүректің ишемиялық ауруының бірі болып саналады және ол жүрек күретамырының атеросклерозы немесе спазма фонындағы жүрек бұлшықетінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуынан болады. 

«Осындай бөлімшенің ашылуымен біз енді жоспарлы интервеницялық кардиологиялық медициналық көмек көрсете аламыз, яғни, тегін түрде жүрек тамырын емдеу үшін ТМККК және МӘМС тарапында шағынинвазивті хирургиялық араласа аламыз. Тәжді күретамырын стенттеу және коронарография жүргізу пациенттің есі қалпында аяғы немесе қолындағы тамырын тесу, рентгенмен барлық бейнені коронарлық аңғарды жалпы көрумен жүрек тамырларына катетер және контраст қою арқылы жүргізіледі. Операция еш қиындықсыз сәтті өтті, қазіргі кезде пациент стационарда жатыр, онда тұрақты терапия алып отырады. Алдағы уақытта бөлімшеде аритмологиялық интервенциялы араласу операциясы жүргізілетін болады», - деді кардиолог. 

Сондай-ақ, маман стенокардия ұстамасы шұғыл терапияны қажет етеді, себебі егер ұстама ұзаққа созылып кетсе, арты науқастың өміріне қауіп төндіретін күрделі аурушаңдық - миокард инфарктіне апарады. 

«Бастапқы ауру пайда болған кезде дер кезінде маманға жүгіну керек. Сол сияқты профилактикалық мақсатта кеңес алу үшін кардиологқа баруы тиіс», - делінген Орталық қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметінің хабарламасында.