Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды

Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды

Алматының орталығында 4 атыс қаруы табылды

Жедел арналар арқылы келіп түскен ақпаратты Алматы қаласы бойынша ҰҚКД және Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Импровизацияланған орыннан 4 атыс қаруы табылды. Атап айтқанда, “Beretta Xtreme”, “Tikka T3x”, “Gamo FS 10x igt”, “Sako TRG”.

Тәркіленген қарудың нақты тиесілігі сот-баллистикалық сараптама арқылы анықталатын болады. Сонымен қатар, бұл қарулардың қандай да бір қылмыс жасауда қолданылған-қолданылмағаны сараптамалық зерттеу нәтижесінде анықталады.