Алматының орталығында 13 қарашада жолдардың бір бөлігі жабылады

Алматының орталығында 13 қарашада жолдардың бір бөлігі жабылады
Сурет: Kstnews.kz

Қалалық жарыс өтеді.  

«City Run 2022» қалалық жарысты ұйымдастыру комитеті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні жолдардың ішінара жабылатыны туралы жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

13 қарашада «City Run 2022» жарыс өтетін сағ. 04:00-ден 11:00-ге дейін жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.

Жарыс «Астана» алаңында басталады.

Төле би көшесінде Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағ. 04:00-ден 11:00-ге дейін жабық болады.

Төле би көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі қозғалыс сағ. 07:45-тен 09:40-қа дейін жабық болады.

Наурызбай батыр көшесінің бойында Төле би көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі қозғалыс сағ. 08:00-ден 09:30-ға дейін жабық болады.

Шевченко көшесінің бойында Наурызбай батыр көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағ. 08:05-тен 09:20-ға дейін жабық болады.

Панфилов көшесінің бойында Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі қозғалыс сағ. 08:15-тен 09:45-ке дейін жабық болады.

Бөгенбай батыр көшесінің бойында Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағ. 08:15-тен 09:45-ке дейін жабық болады.

Абылай хан даңғылының бойында Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі қозғалыс сағ. 08:15-тен 09:45-ке дейін жабық болады.

Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.

 

«City Run 2022» қалалық жарысты өткізу үшін жолдарды жабу кестесі (13.11.2022)

 

2022 жылғы 13 қараша

сағ. 04:00-ден

11:00-ге дейін

Төле би көшесі (Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін)

сағ. 07:45-тен

09:40-қа дейін

Төле би көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейін)

сағ. 08:00-ден

09:30-ға дейін

Наурызбай батыр көшесі (Төле би көшесінен Шевченко көшесіне дейін)

сағ. 08:05-тен

09:20-ға дейін

Шевченко көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Панфилов көшесіне дейін)

сағ. 08:15-тен

09:45-ке дейін

Панфилов көшесі (Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін)

сағ. 08:15-тен

09:45-ке дейін

Бөгенбай батыр көшесі (Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін)

сағ. 08:15-тен

09:45-ке дейін

Абылай хан даңғылы (Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін)

 Еске салсақ, 13 қарашада (жексенбі) «City Run 2022» қалалық жарысы өтеді. Спорт әуесқойларына 2 қашықтық ұсынылған — 10 км және 5 км скандинавиялық жүріс.

Басталатын уақыты:

08:00 – 10 км қашықтығы

08:10 – 5 км скандинавиялық жүріс қашықтығы

 Жарыстың бас серіктесі: Kaspi.kz.

«City Run 2022» жарысын ұйымдастырушылар: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес клубы, академик Ш.Есенов атындағы ғылым-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.