Алматының нөмірлік қоры 2030 жылға қарай үш есеге кеңейтіледі

Алматының нөмірлік қоры 2030 жылға қарай үш есеге кеңейтіледі Сурет: Almaty-akshamy.kz

Халықаралық қонақ үй желілерін тарту есебінен 2030 жылға қарай қаланың нөмірлік қорын 3 есеге кеңейту жоспарлануда.


Бұл туралы «Туристік брендтің негізі ретіндегі тұрақты қонақ үйлер» VI Халықаралық қонақ үй форумы барысында Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова мәлімдеді.



Оның айтуынша, қазіргі уақытта Алматыда біржолғы сыйымдылығы 21 715 төсек-орынға арналған 347 орналастыру орындары бар. Сонымен қатар, қала қонақ үйлерінің тек 8,3%-ында ғана 3-5 жұлдыз санаты бар, бұл жайлы туристік тәжірибені қалыптастыруға ықпал етпейді.


Биыл жеке инвестициялар есебінен "Qazaq Auyl" мейрамханалық кешені бар эко-қонақ үй және 112 бөлмелі 4 жұлдызды "Grand Mildom" қонақ үйі ашылды. Нөмірлік қорды кеңейту мақсатында қалалық Туризм басқармасы туризм саласына инвесторларды тарту бойынша жұмысты жүргізуде. 2024 жылы мегаполисте 300 нөмірлі жаңа апарт-қонақ үй және 90 нөмірлі қонақ үй кешені пайдалануға беріледі, 872 нөмірлі тағы төрт қонақ үй салу бойынша жобалық жұмыстар жүргізілуде.



«Бүгін біз Алматыда туристік ағынның белсенді өсуін байқап отырмыз. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қала 972 мыңнан астам адамдарды қабылдады, оның ішінде 261 мыңнан астамы шетелдік, 710 мыңы ішкі туристер. Мамандардың болжамы бойынша, 2025 жылы шетелдік туристер саны 600 мың адамға дейін өседі», – деп атап өтті Ғалия Тоқсейітова.



Алматыдағы Халықаралық қонақ үй форумы жұмыс істеген жылдар сала сарапшылары үшін тиімді диалог алаңына айналды. Биыл қонақ үй индустриясы саласындағы басты оқиға Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Греция, Польша, Франция, Үндістан, Катар, БАӘ және Сингапурдан сарапшыларды жинады. Форумның негізгі тақырыбы жергілікті туризмнің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қонақ үй бизнесінің тұрақты дамуы және ESG қағидаттарына берілгендік болды.


Сала көшбасшылары қонақүйлерді салу кезінде энергияны үнемдейтін технологияларға көшу, қонақ үй қызметкерлерінің эмоционалдық әл-ауқатының маңыздылығы, тиімді корпоративтік басқару стратегиясы мәселелерін қарастырды. Панельдік сессиялар барысында халықаралық және отандық қонақ үй бизнесінің соңғы үрдістері, сондай-ақ туризмді дамытуды ынталандыру тетіктері талқыланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26