Алматының қысқы жылыту кезеңіне дайындығы 100%-ды құрайды

Алматының қысқы жылыту кезеңіне дайындығы 100%-ды құрайды Сурет: Kp.ru

Мамандар жылыту маусымына дайындығы туралы айтты. 


Алматы қаласының білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй қоры объектілерінің қысқы жылыту кезеңіне дайындығы 100%-ды құрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Коммуналдық қызметтер алдағы жылыту маусымына дайындықты ағымдағы жылдың мамыр айында бастады, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді. 413 білім беру, 129 денсаулық сақтау объектісі және 8 476 тұрғын үй қорының объектісі дайындалды. «Алматыжылужайнерго» ЖШС қазандықтарында көмір мен мазуттың қоры 100%-ды құрайды. «АлЭС» АҚ (ЖЭО-1,2, БЖК) энергия көздерінде көмір қоры 118%-ды және мазут 118%ды құрайды.


Сондай-ақ, ағымдағы және жоспарлы жұмыстар, оның ішінде тозуды төмендету мақсатында қолданыстағы желілерді реконструкциялау жұмыстары орындалды. 


Жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес қаланы жылу жүйесіне қосу сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +8°С және одан төмен болғанда бес тәуліктің ішінде жүргізіледі. 


Бірінші кезекте жылуға денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары және өзге де әлеуметтік объектілер қосылатын болады. Содан кейін жылу көп пәтерлі тұрғын үйлерге беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42