Алматының кейбір аудандарында ыстық су болмайды

Алматының кейбір аудандарында ыстық су болмайды
Cурет: Ашық дереккөз

Алматы қаласының үш ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі уақытша ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің мәліметінше, қаладағы Түрксіб, Жетісу және Медеу ауданы аумағында орналасқан көшелер мен тұрғынжайлар контурларында бірқатар тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру шектелетін болады.

27 маусымнан 1 шілдеге дейін:
- Рысқұлов – Буровая - Құлжа тракті; 
Атырау-1 шағын ауданы;

- Шекспир-Эйхе-Жайсан-Терешкова;

27 маусымнан 8 шілдеге дейін:
– Рихарда Зорге – Молдағалиева – Чехов - Ақан Сері.

27 маусымнан 18 шілдеге дейін:
- Лавренев-Дөңентаева-Соболев-Зимняя;
- Гете-Новосибирск-Майлин-Заславский;
- Бекмаханов-Свободная-Сүйінбай;

27 маусымнан 19 шілдеге дейін:
- Собинов-Монтажная-Поддубный-Беринг.

Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.