Алматының Кәсіпкерлер палатасы биыл 870-тен астам өтінімді бизнесмендердің пайдасына шешті

Алматының Кәсіпкерлер палатасы биыл 870-тен астам өтінімді бизнесмендердің пайдасына шешті Сурет: Аtameken.kz

Өтініштердің 83 пайызға жуығы оң шешімін тапты.


Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов ӨКҚ брифингінде 2022 жылы Алматы қаласының өңірлік палатасына 1723 өтініш түскенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оның ішінде 872-сі кәсіпкерлердің пайдасына шешілді, қалғаны бойынша түсініктемелер берілді. Яғни, өтініштердің 83 пайызға жуығы оң шешімін тапты.


Палата сарапшылары 36 сот ісіне қатысып, 39,4 млрд теңге сомаға кәсіпкерлердің құқығын қорғады.


Айтуар Қошмамбетовтің айтуынша, келіп түскен арыз-шағымдардың басым бөлігі салық органдарының іс-әрекетіне (241 немесе 14%), сондай-ақ мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау әрекеттеріне қатысты шағымдар (224 немесе 13%).


Өтініштер жер пайдалану, құрылыс, мемлекеттік сатып алу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және кәсіпкерлік құқық субъектілері арасындағы даулар бойынша бірдей түсті.


Ол мысал келтірді. Сарапшылар палатасы бірінші инстанциядағы сотта кәсіпкердің қатысуын қамтамасыз ете отырып, «КазИнтерСервис-регион» ЖШС-нің құқығын қорғады. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының мамандандырылған экономикалық сотының 2021 жылғы 14 қаңтардағы шешімімен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы «КазИнтерСервис-Регион» ЖШС 96 млн. теңге көлемінде талапты қанағаттандырудан бас тарту және тұрақсыздық үшін айыбы өндірілді. Осылайша, кәсіпкердің 96 млн меншік құқығы қорғалды.


«BSB Trade & Advertising» ЖШС-нің 87 млн теңгеге құқығы қорғалды. Кәсіпорынға құқықтық консультативтік көмек көрсетіліп, қажетті процессуалдық құжаттар ресімделіп, кейіннен сотта сенімхат бойынша өкіл ретінде мүдделері ұсынылды.


 


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04