Алматының ботаникалық бағында магнолия гүлдеді

Алматының ботаникалық бағында магнолия гүлдеді Сурет: Ethnomir.ru

Сирек кездесетін бұл ағаштың ерекшелігі - алдымен гүлдеп, содан кейін барып жапырақ жаюында. 


Бұл ағаш гүлдерінің 15 түрі бар. Сирек кездесетін сәндік ағаштың ашық қызыл түсті әдемі, нәзік гүлі ерекше әсер қалдырады. Жыл сайын көктемнің сәуір айында ғана 2 аптаға гүл ашып тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Qazaqstan.tv сайтының ақпаратына сәйкес, магнолия гүлдерін парфюмерия саласында әтір жасау үшін пайдаланады. Сондай-ақ, ағашы - сапалы жиһаз жасауға да таптырмас материал.


"Сәндік өсімдіктің қанық жасыл түсті жапырағы айналасына ерекше көрік береді әрі ботаникалық баққа келушілердің суретке түсетін әсем орнына айналады", - дейді мамандар.



«Магнолияның дүние жүзінде 240-тан астам түрі бар, біздің бас ботаникалық бағымызда 15-тен аса таксон бар, оның ішінде магнолия кобус, магнолия звезчитая, магнолия денодато дегеннен басқа да көптеген сұрыптары да бар. Магнолия гүлдеді деген кезде, көптеген адамдар келіп суретке түседі, селфи жасайды, видео түсіреді, әлеуметтік желіде бөліседі», - дейді Ботаника және фитоинтродукция институты дендрология зертханасының ғылыми қызметкері Айнагүл Ишаева. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38