Алматының бірқатар шағынаудандарында суық су болмайды

Алматының бірқатар шағынаудандарында суық су болмайды
Сурет: Liter.kz

Мамандар түсіністікпен қарауды сұрайды.

«Алматы су» МКК-сы қаладағы бірқатар шағынаудан бір күнге суық судан ажыратылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«8 маусымда түнгі сағат түнгі 01:00-ден сағат 22:00-ге дейін Ақсай-4, Ақсай-5, Достық, Жетісу-1, Жетісу-2, Жетісу-3, Жетісу-4, Мамыр-1, Мамыр-2, Мамыр-4, Мамыр-5, Мамыр-6, Мамыр-7 шағынаудандарының аумақтарында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады. Алматы қаласы Әуезов ауданын сумен қамтамасыз ету желілеріндегі технологиялық құрылғыларды ауыстыру мақсатында, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін, суық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер енгізіледі», - делінген хабарламада.

Аталған мекеме уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.