Алматының АСК төрайымы Айгүл Қалықова: Жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр

Алматының АСК төрайымы Айгүл Қалықова: Жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр
Өңірлік коммуникациялар қызметі

ҚР Парламентінің Мәжілісі және Алматы қаласының мәслихат депутаттарын сайлау бойынша жалпықалалық баспасөз орталығының алаңында қаланың Аумақтық сайлау комиссиясының баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер мегаполисте дауыс берудің басталғанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. 

Алматы қаласының Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова Алматыда барлығы 603 дауыс беру учаскесі бар екенін айтты, бүгін олардың 602-і жұмыс істеп тұр. Сайлау учаскелерінің біреуі ол жерде дауыс берушілер болмағаннан кейін,  жұмысын тоқтатты – бұл ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімі. 

«Біздегі ақпарат бойынша, барлық сайлау учаскелері жұмыстарына кірісті, оның ішінде, 7 учаскеде дауыс беру сағат алтыдан басталды, қалғандары жұмыстарын сағат 7-ден бастады», - деп атап өтті Алматы АСК төрайымы. 

Кандидаттардың сенімді өкілдерінің кейбір дауыс беру учаскелеріне телефонмен кіру мәселесіне келсек, А.Қалықова келесідей түсініктеме берді: «Бізде азаматтардың уақытша тұруына арналған бірнеше учаскелер бар, олар әскери бөлімдер, санаторийлер және т.б. Ол жерлердің өз ережелері бар, оған сәйкес, телефонмен кіруге рұқсат бермейді, сол себепті, байқаушылар мен сенім білдірілген тұлғалардан сайлау учаскелеріне барғанда телефондарын қалдыру сұралды».

Алматы АСК төрайымы тіркеуден шығару куәліктері арқылы дауыс беруге қатысты маңызды жайтты еске салды. 

«Алматы қаласында есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беру сайлаудың тек бір түрі бойынша ғана мүмкін – ҚР Парламентінің Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша. Басқа сайлаулар бойынша «Сайлау туралы» Конституциялық заңға және есептен шығару куәліктерін беру қағидаларына сәйкес, дауыс беруге жол берілмейді», - деді А.Қалықова.

Ол сонымен қатар, жалпы, жұмыстың штаттық режимде өтіп жатқанын атап өтті.