Алматының 45-ші шақырымы

Алматының 45-ші шақырымы
Сурет: Yvision.kя

Алматыдан 45 шақырым жер жыл сайын мамыр айында гүлге оранады.

Жабайы қызғалдаққа толы алқапқа алматылықтар мен туристер көптеп ағылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматының әсем жерлерінің арасында танымалдығы бойынша бұл жер алғашқы ондыққа кіреді.

Tengrinews.kz сайтының мәліметтеріне сүйенсек, мұнда негізінен модельдер мен блогерлер фотосессия жасайды. Ал әлеуметтік желілердегі «гүлдер алқабы» хэштегімен белгіленіп салынған фотолар бұл күндері кеңінен танымал болып жатыр екен.

Көлікпен гүлдер алқабына жетуге бір сағаттай уақыт кетеді. Ол Алматы – Қорғас бағытының бойында орналасқан.

Жылына бір рет болатын мұндай ерекше сұлулықты тамашалау үшін қаладан әдейі келеді екен. 

Сурет: Yvision.kz