Алматыны көгалдандыру: Ерболат Досаев көшет егудің жаңа ережесін айтты

Алматыны көгалдандыру: Ерболат Досаев көшет егудің жаңа ережесін айтты Сурет: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының Алматыда жаңа рекреациялық аймақтарды құру және көгалдандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында биыл қаңтар айында жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау жөнінде жаңа ережелер қабылданды.


Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен кеңес барысында мәлімдеді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. Оның айтуынша, жаңа көшеттерге қойылатын талаптар едәуір күшейтілді, жасыл желектерді күту және қорғау жөніндегі нормативтер артты әрі міндетті түрде суару жүйесінің болуы көзделген. 



«Аумағы 97 га болатын 5 жаңа рекреациялық аймақ пен өзен жағалауларының құрылысы жалғасып отыр, олар 2024 жылдың 2 тоқсанының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Қазіргі таңда ауданы 30 га болатын 2 жаңа тәлімбақтың құрылысына ЖСҚ әзірленуде. Суару жүйесін тарту үшін 29 ұңғыма және 5 су жинағыш салынды, 500 мыңнан астам жаңадан отырғызылған жасыл желектер тамшылатып суару жүйесімен қамтылды», – деді әкім. 



Әрі жасыл қорды сақтау мақсатында Алматыда түрлі зиянкестерден 2,3 млн жасыл желекті биоөңдеу жүргізіліп отыр. Биыл 320 мың көшет және 2025 жылдың соңына дейін 1,2 млн көшет отырғызылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38