Алматылықтарға «омикронның» алдын алу ұсынылды

Алматылықтарға «омикронның» алдын алу ұсынылды
almaty-akshamy.kz

Алматылықтар жаңа «омикрон» штамы келгенге дейін вакциналану және қайта вакциналану қажет

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында қаладағы вакциналар Pfizer тиімділігі жағынан кем түспейтінін айтып, мегаполистегі егу науқанының қарқынын «омикрон» келгенге дейін арттыру керектігін атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Нариман Табынбаевтың айтуынша, бүгінде Алматыда 585 700 доза вакцина бар, оның ішінде Спутник-V – 33 756, QazVac – 50 009, Vero Cell – 223 755 және 277 987 – Pfizer вакциналары.

ҚДБ басшысы вакциналау аурудың ауыр ағымынан құтылуға мүмкіндік беретінін еске салды. Ол азаматтарды «омикрон» штамы анықталған жағдайда максималды қауіптерге дайындалуға шақырды. Қалыптасқан жағдайда дәрігерлер ревакцинацияға сүйенеді. Н. Табынбаев сондай-ақ екпе жасағандарды қайта вакциналануға шақырды. Әзірге үшінші вакцинаны 45 503 алматылық алды.

«Вакциналану өзінің тиімділігін көрсетті. Ревакцинация жөніндегі науқанды жалғастыру қажет. Бүгінде ақылы вакциналауға арналған Pfizer препараты жоқ. Мен тұрғындарды қолда бар QazVac және Vero Cell вакциналарымен қайта вакциналануға шақырамын, олардың тиімділігі еш кем түспейді», – деп атап өтті Нариман Табынбаев.

- «Омикрон» инфекцияның басқа нұсқаларына қарағанда тезірек таралады, - дейді бөлім басшысы. Оның айтуынша, қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 131 адам бар (ковидтік науқастар үшін анықталған төсек қорының 12%-ы жұмыс істейді, барлығы 900-ге жуық төсек-орын бар).

Бүгінде үйде БМСК және телемедицина орталығының мобильді бригадаларының бақылауында 274 пациент бар.

Алматыда қазіргі уақытта вакцинаның бірінші компонентін 1 066 150 адам, екі компонентті 1 005 246 қала тұрғыны алды. Өткен тәулікте бірінші компонентпен 1 700 адам вакциналанды. Pfizer (Comirnaty) компаниясының препаратымен 26 164 адам егілді, оның ішінде 1 458 жүкті әйел, 5 231 бала емізетін әйел және 19 475 жасөспірім бар.