Алматылықтарға коронавирус симптомдарын жасырудың неге қауіпті екені түсіндірілді 

Алматылықтарға коронавирус симптомдарын жасырудың неге қауіпті екені түсіндірілді 
Сурет: vedomosti.ru

Індет ешкімді аямайды.

№8 емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаева өздерінде коронавирус симптомдарын байқаған Алматы тұрғындарына жасырудың неге қауіпті екенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 

Еске салсақ, бүгінде қаладағы эпидемиологиялық ахуал шиеленіскен күйінде қалып отыр. Бір апта ішінде Алматыда КВИ ауруын тіркеу 1,5 есеге өсті. Бұл вакциналанбағандардың сырқаттануының жалғасуына және коронавирус инфекциясының «дельта» штамымен сырқаттанбанғанына байланысты. 
 
Дәрігердің айтуынша, суық тиюге де, COVID-19-ға да ұқсас симптомдар тән: тамақ ауруы, жөтел, қызба және мұрыннан су ағу. Коронавирустың көптеген жағдайлары біріктірілген белгілерден басталады. Яғни, бактериялық инфекция қосылады – ауыру немесе тамақтың жыбырлауы мүмкін. 
 
Қалай болғанда да, респираторлық аурудың симптомдары пайда болған кезде, дүрбелең шығармаған жөн, - дейді дәрігер. 


 
«Коронавирустың жаңа түрінің инкубациялық кезеңі өте қысқа, инфекцияның дамуы бірнеше күнге созылады. Сондықтан адамдар ЖРВИ-мен ауырып қалдым, уландым деп ойлай бастайды және олар үйдегі дәрі-дәрмектермен емделуге тырысқанда, оларда инфекцияның дамыған сатысы бар екені белгілі болады, ауру өте ауыр жүреді. Осыған байланысты, жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен жедел респираторлық инфекциялардың белгілері пайда болған кезде, сізге шұғыл медициналық көмекке жүгінуді, тұрғылықты жеріңіз немесе бекітілген жеріңіз бойынша дәрігерді шақыруды ұсынамыз», - деді Ф. Ағыбаева. 


ПТР мен қан анализі диагнозды анықтауға көмектеседі. 

№8 емхананың бас дәрігері коронавирус симптомдары байқалған Алматы тұрғындарын қорықпай, дәрігерге қаралуға шақырды. Егер жағдайы ауыр болмаса, науқас амбулаториялық жағдайда емделеді және Телемедицина орталығының мамандарының бақылауында болады.