Алматылықтардың алтындары мен ақшасын ұрлады деген күдікпен ер-азамат ұсталды

Алматылықтардың алтындары мен ақшасын ұрлады деген күдікпен ер-азамат ұсталды Сурет: Novostipmr.com

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.


Алматы полицейлері қала тұрғындарының пәтерлерін тонады деген күдікпен 30 жастағы ер-азаматты ұстады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.


Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, 30 жастағы Алматы облысының тұрғыны бірнеше рет ұрлық жасады деген күдікке ілінген.



«Полицияға шаһар тұрғындарынан пәтерлері тоналды деген бірнеше арыз келіп түсті. Негізінде, “қонақтар” алтын бұйымдарды, ақшаны алған. Бөтен адамдардың үйлері бір тәсілмен және тек күндізгі уақытта ашылды. Жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікпен құлыптарды ашатын құралдары бар, бұрын сотталған ер адам ұсталды», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.



ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған азаматтың пәтер ұрлығының осыған ұқсас төрт эпизодына қатысы бар екендігі анықталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26