Алматылық жас ғалымдар Nur Otan қатарын толықтырды

Алматылық жас ғалымдар Nur Otan қатарын толықтырды
Источник фото: Almaty-akshamy.kz

Олардың арасында профессор Қайсар Табынов та бар.

Елорда күні қарсаңында партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев мегаполис тұрғындарына партия билеттерін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстанның даңқын асқақтатқан мәдениет пен спорт, БАҚ, кәсіпкерлік, ғылым, денсаулық сақтау және білім беру саласының өкілдері  үлкен ықыласпен "нұротандықтардың" тізімін толықтырды. Партбилетті тапсыру рәсімінің алдында Мейіржан Отыншиев жақында тағайындалған Алматы жоғары оқу орындарының ректорлары -  Қазақ ұлттық қыздар университетінің ректоры Гүлмира Қанай және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Дархан Біләловты қызметке кірісуімен құттықтады.

«Сіздер жас ғалымдардың жаңа лебі болып табыласыздар және дәл осы қиын-қыстау кезеңде еліміздің ірі жоғары оқу орындарын дәл сіздерге басқару сеніп тапсырылды. Тәуелсіздік жылдары барлық қазақстандықтарға қолжетімді болған шетелдік білім алып, өз Отаныңызға оралып, алған білімдеріңізбен бөлісудесіздер. Мұның бәрі студент жастарға пайдалы және жас ұрпақ үшін жемісті ғылыми мансаптың жарқын мысалы. Елорда күнін мерекелеу қарсаңында Елбасы, біздің партиямыздың Көшбасшысының көреген саясатына деген қолдауыңызды көрсеткендеріңізге қуаныштымын», - деп атап өтті Мейіржан Отыншиев.

ҚазҰАУ халықаралық вакцинология орталығының директоры, профессор Қайсар Табынов та партия қатарын толықтырған ғалымдардың қатарынан. Ол -  жануарларға, құстарға және адамдарға арналған вакциналардың әр түрін әзірлеуге, зерттеуге және өндіріске енгізуге маманданған жетекші қазақстандық ғалымдардың бірегейі. Соңғы 15 жыл ішінде өзімен пікірлес адамдардың тобы жоғары патогенді құс тұмауы, жылқы тұмауы, ірі және ұсақ қара бруцеллез, құс тұмауы және шошқа тұмауы, сондай-ақ адамның маусымдық тұмауы сияқты қауіпті инфекцияларға қарсы 7 ветеринария вакцинасын және 3 медицина вакцинасын жасай алды. Бұл әзірлемелердің шамамен 60%-ы сәтті енгізілді, қалғандары өндіріске енгізу сатысында тұр.

Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша партияның жаңадан құрылған мүшелері қатарында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Халықаралық Карл Фаберже қоры орденінің және М.Перхин атындағы орденнің кавалері, «Жігер» сыйлығының лауреаты және Қастеев атындағы «алтын медаль» иегері Естай Даубаев және мәдениет саласының үздігі Ермек Сқақов және басқалар да бар.

«Партиялық билет тек патриоттық парызды еске түсіріп қана қоймай, басқа да жетістіктер мен игі істерге сенімділік береді. Басқа, жаңа форматтағы жұмыс бізді халыққа пайда әкелем деген мақсатқа ұмтылдырады», - деді Естай Даубаев.