Елордада алматылық театр әртістерінің қойылымы өтті

Елордада алматылық театр әртістерінің қойылымы өтті
Сурет: Qazaqtv.com

Алматылық театрдан тарту.

Алматылық театр әртістері елорда көрерменімен қауышты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматылық өнерпаздардың ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елорда көрерменіне тарту жасады. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетті. Бас шаһар тұрғындарына ұжым еуропалық көрермендердің көзайымына айналған спектакльдерді алып келді.

Театр артистері италиялық режиссер Маттео Маццонидің қойылымындағы Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсын, Морис Равельдің «Болеро», Фридерик Шопеннің «Шопениана», Йоганн Себастиан Бахтың «Бах шығармашылығын тану» балеттерін ұсынды. Театр солисі Таир Тәжінің айтуынша, мерекелік концертке дайындық жұмыстары демалыссыз бірнеше ай жүрген.

«Қиындықтар әрдайым болады. Бірінші кезекте Дон Паскуале біздің ана тіліміздегі қойылым емес, италия тілінде. Сондықтан тілдік шектеусіз, акцентсіз жеткізу, орындау қиынға соғады. Бұл жерде қатесіз, түпнұсқадағыдай орындау маңызды, әрине, өзіңнің ерекшелігіңді қосу арқылы. Себебі айнытпай көшіріп алуға болмайды. Ал гастрольдік сапарға келер болсақ, біз бірнеше ай көлемінде дайындалдық. Жаздың басынан бастап демалыссыз жұмыс істедік. Егер солистер шілде айында демалысқа кететін болса, біз дайындықта болдық. Себебі бірінші кезекте бұл – еліміздің Тәуелсіздігіне арналған маңызды концерт. Онда төмен деңгейде өнер көрсетуге болмайды», - деді Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі Таир Тәжі.