Алматылық оқушыларға арналған «Qabilet» қызметі басталады

Алматылық оқушыларға арналған «Qabilet» қызметі басталады
Сурет: Adyrna.kz

Бұл жобаның қызметі тегін.

Аталған жоба мектеп жасындағы балалардың зияткерлік қабілеті мен қай кәсіпке икемді екенін анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ол үшін оқушылар арнайы тесттен өтеді. Кейіннен тест нәтижесіне сәйкес, психолог мамандармен кеңесе алады.

Осылайша, мамандық таңдауда екіойлы болып жүрген балалар өз бағытын айқындай алады. Қызмет тегін және 10-11 жастағы оқушылар үшін ғана қолжетімді. Ал жобаны ұйымдастырушылар алдағы уақытта мүмкіндікті кеңейтетінін айтты. Соның нәтижесінде кез келген жастағы мектеп оқушысы тесттен өте алатын болады.     

«Тестке оқушылар өз еркімен қатыса алады, ешқандай міндеттеу жоқ. Тестілеу онлайн форматта өтеді, ол ата-ана мен балаға ыңғайлап жасалған. Егер үйінде компьютер мен смартфон жоқ болса, өңірлердегі немесе осы Алматыдағы «Дарын» орталығына келіп тапсыруына болады», – деді «Qabilet» қызметінің педагог-психологы Жайнагүл Маденова.