Алматылық онкологтар ауруы асқынған 44 жасар әйелді аман алып қалды

Алматылық онкологтар ауруы асқынған 44 жасар әйелді аман алып қалды
almaty-akshamy.kz

Операция кезінде дәрігерлер бет сүйегін жарып, бас миына кеткен үлкен ісікті алып тастады

Алматыдағы онкологтар ауруы асқынған 44 жасар әйелді құтқарып қалды. Алматы қалалық онкология орталығына 1977 жылы туған, 4-сатылы жоғары жағындағы жақсүйегі қойнауының асқыну қатерлі ісігімен ауратын әйел жатқызылды. Пациенттің айтуы бойынша, қатерлі ісік 2019 жылдың наурызынан бері пайда болған. Алайда дәрігерге жүгінбеген. Орталықтың онкологтары тексерген кезде: оң жақтан торлы сүйек кеңсірігі лабиринтінің торшаға таралуымен оң жақ самай сүйегінің, оң жақ көз шарасының латеральды және астыңғы қабыршағының бұзылуымен және таралуымен оң жақты гаймор қойнауының пайда болуы секілді диагноз қойылды. 

Пациентке шұғыл түрде хирург мамандардың ота жасауы қажет болды. Операция кезінде дәрігерлер бет сүйегін жарып, бас миына кеткен үлкен ісікті алып тастады. Содан хирург бірсәтте операциядан кейінгі туындаған "кемшілікті" жойды, себебі ісікті алып тастағаннан соң бет әлпетіндегі кемістігі көрініп, көзінің алмасы төмен түсіп кеткен.

«Титанды пластинамен біз бет сүйегінің операциядан соңғы қалған кемістіктерді қалпына келтірдік. Операция сәтті өтті. Бүгінде  пациент өзін жақсы сезінеді және өз бетімен тамақтана алады», – деді хирург-онколог Саттар Аппазов.

Операция 5 сағатқа созылды. Жалпы 7 ай аралығында Алматы қалалық онкология орталығында 10300 пациент емделіп шыққан. Сондай-ақ, онкологтар скринингтен өтуді қатерлі ісікті ерте сатыда анықтаудың тиімді әдісі болып саналатынын ескерді. Ауру белгілері өте кеш сатыда білінсе және ісіктің таралуы мүмкіндігі анықталса,  ауруды емдеу қиынға түседі.

АОО баспасөз қызметі