Алматылық дәрігерлер 94 жастағы кейуанаға күрделі ота жасады

Алматылық дәрігерлер 94 жастағы кейуанаға күрделі ота жасады
ponchikov.net

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 94 жастағы науқас шұғыл жеткізілді. Дәрігерлер оған күрделі жоғары технологиялық операция жасады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қалалық клиника дәрігерлері кейуанаға сүйек сынықтарының ығысуы мен оң жақ жамбас сүйегінің жабық түрдегі сынуы диагнозын қойды. Дәрігерлер науқасқа сүйектің күрделі сынықтарын емдеуге арналған жоғары медициналық технологияны қолдана отырып, операция жасады. Отаға ортопед-дәрігер Берік Оспанов жетекшілік етті.

«Жабық репозиция - бұл біз сынық орнын толығымен ашпай, екі кішкентай жырық арқылы шағын инвазивті тәсілмен бақылаушы рентген аппаратымен кіріп, сынықтарды қалпына келтіреміз. Осы операцияны жасаған кезде сүйектер тез тұтасады. Операция бір сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Келесі күні операциядан соң әжеміз жүріс арбасымен жылжып қозғала бастады. Бүгін пациент сауығып үйіне шықты», - деді Берік Оспанов.