Алматылық 788 872 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе салдырды

Алматылық 788 872 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе салдырды
Сурет: Gov.kz

Бұл - вакцинаның екі дозасын түгел алғандар саны.

ҚР ДСМ баспасөз қызметі дерегінше, 2021 жылғы 9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 6 969 069 адам, II компонентпен 5 795 901 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Еліміздің барлық өңірі бойынша екпе салдыру көрсеткіші кестеде берілген.