Алматылықтар тазалық жұмыстарына кірісіп кетті

Алматылықтар тазалық жұмыстарына кірісіп кетті
Almaty-akshamy.kz

Жаппай тазалық жүріп жатыр

Шаһарда төтенше жағдайға байланысты тазалық жұмыстары күндізгі уақытта жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Алматы тазалық» мекемесіне сілтеме жасап.

Қалада өткен бұлғақтан кейінгі тазарту мықтап қолға алынды.

Бүгін «Алматы тазалық» мекемесі 400 тонна қоқысты тысқа шығарды. Бұған 224 жекелеген техника пайдаланылды. Ал осыны атқаруға 868 жұмыскер тартылған. Аталған шаруалар барлығы толық қалыпты жағдайға түскенше жалғасады.

Айта кетерлігі, тазалық жасау түнгі мезгілде ТЖ байланысты жасалмайды.