Тауда қар көшкіні қаупі жоғары

Тауда қар көшкіні қаупі жоғары Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматылықтарға құтқарушылар мамыр мерекелері қарсаңында қауіпсіздік ережелерін еске салды


Мамыр мерекелері қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел құтқару жасағының өкілдері сөз сөйлеп, тұрғындарға табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін еске  салып, демалыстарын қауіпсіз өткізу үшін қалай әрекет ету қажеттігі туралы кеңестерімен бөлісті.


Ауа райы жылынған сайын далада демалатын тұрғындар саны артып келеді. Бұл ретте көптеген адамдар таулы аймаққа барады, демалыстарын су қоймаларының жанында өткізеді.
Құтқарушылар бұл кезеңдерде таулы аймақта қар көшкіні қаупі сақталатынын ескертіп, осыған орай азаматтарға тауға шығудан бас тартуға кеңес береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Алматы Іле Алатауының етегінде орналасқан. Біраз уақыт тауға шығудан бас тарту керек, өйткені тауда қар көшкіні қаупі жоғары, сондықтан сақ болу қажет. Қар көшкіні болуы мүмкін беткейлерге барудың керегі жоқ», - деді халықаралық дәрежедегі құтқарушы, Төтенше жағдайлар министрлігінің ардагері Әлихан Көпжанов.



Таулы аймақтардағы су қоймалары да қауіпті. Республикалық жедел құтқару жасағы сүңгуір-құтқару бөлімінің бастығы Андрей Быбченко судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы баяндап берді.


Сонымен қатар ол «Судың өзі қауіпті элемент. Мұнда тау етегінде, әсіресе, ағысы қарқынды, көлемді, күрделі ландшафты және тік жағалаулары бар тау өзендері бар. Ең басты қауіп-қатер - өзендерге жақындағанда салмағы 100-500 келіден асатын алып тастарды да ағызып әкетіп жатады», - деген ойымен бөлісті.


Ал кенелердің белсенділік маусымы дәл осы мамырдың жылы күндеріне келеді, бұл да тау әуесқойларына қауіп төндіреді. Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарға жабық киім, капюшон киіп, жеңі бар киім мен шалбар киюді, денеде ашық жер қалдырмауға кеңес береді.


"Сондай-ақ бір-біріңізге киімдеріңізде кене бар-жоғын тексертіп алыңыздар", - дейді Республикалық жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Әділхан Балтабай мырза.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30