Алматылықтарға ағаш жанына көліктерін қоймау ескертілді

Алматылықтарға ағаш жанына көліктерін қоймау ескертілді
Сурет: Ашық дереккөз

Автокөлік жүргізушілеріне жазғы резеңкені қысқыға ауыстыруға кеңес беріледі

Қалада түні бойы қар жауды. Қаладағы қызметтер жоғары дайындық режимінде жұмыс істеді. Көшелер мен аулаларды қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 27 қарашада қалада ауа температурасы -4... -13°С градус аяз болады. Күндіз күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жолдарда көктайғақ орын алды.

Алматы қаласы әкімдігі тұрғындардан ауа райының қолайсыздығына назар аударуды, ағаштардың жанында болмауды және көлікті де ағаш маңына қоймауды сұрайды.

Автокөлік жүргізушілеріне жазғы резеңкені қысқыға ауыстыруға кеңес беріледі. Жаяу жүргіншілерге де жолда абай болу ескертіледі.